7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды – Тоғжанов

30 Шілде 2020, 17:34
1629
Бөлісу:
7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді. Аурудан жазылғандардың саны 66 пайызға, жедел жәрдем қызметін шақыру саны 40 пайызға, коронавирусқа байланысты шақыру 52 пайызға азайды. Ауруханаларда жататын орындардың қолдану деңгейі 90 пайыздан 40 пайызға төмендеді. Осыған байланысты 7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационар жабылды. Пневмония бойынша жедел жәрдем шақыру көрсеткіші 35 пайызға төмендеді, - деді ол. 

Ол атағандай, ауруханалар мен емханаларда айлық дәрі-дәрмек қорлары құрылды. 

Бұдан бөлек, бөлшек-сауда нарығын қолдау үшін шетелден 10 млн-ға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді. Нәтижелер жақсы. Дегенмен, босаңсуға ешбір негіз жоқ. Керісінше, жеткен жетістіктерді жетілдіру керек. Бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен комиссия карантин шараларын тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы