7 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған – Диас Ахметшәріп

19 Наурыз 2020, 14:04
1455
Бөлісу:
7 науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған – Диас Ахметшәріп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда коронавирус анықталған 7 науқастың бәрі бұрын ауырғандармен байланыста болған.

Коронавирус жұқтырған адамдардың саны өзгерді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың барлығы Қазақстан азаматы. 25 пен 52 жас аралығында. Барлығы бұрын ауырған адамдармен тікелей байланыста болған. Қазір олар стационарда, карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы. Осы сағатта Алматы бойынша – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25, барлығы 44 науқас тіркелді, - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 
 


Өзгелердің жаңалығы