7 маусымға арналған ауа райы болжамы

7 Маусым 2019, 08:15
2190
Бөлісу:
7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, кей жерінде қатты жаңбыр жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады.

 Республиканың кей аймақтарында найзағай, желдің күшейеді, шаңды дауыл, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте кей жерлерде – тұман. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жауы мүмкін, желдің күшейуі түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жауы мүмкін, желдің күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін, желдің күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел  - 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерлерінде – дауыл, күндіз желдің күшейуі 15-20 м/с, бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Ақтобе, түнде Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында екпіні 23 м/с күтіледі.

    Маңғыстау, Атырау облыстарының күндіз кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.    Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.        

Өзгелердің жаңалығы