7 мамырға арналған ауа райы болжамы

7 Мамыр 2019, 09:08
2036
Бөлісу:
7 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикамыздың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, оңтүстікте шаңды дауыл дауыл күтіледі, батыста бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы мүмкін. Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. 
 

 

Өзгелердің жаңалығы