7 сәуірден бастап Қарағандыда карантин күшейтіледі

5 Сәуір 2020, 18:49
1212
Бөлісу:
7 сәуірден бастап Қарағандыда карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының таралу географиясының ұлғайуына байланысты 7 сәуірден бастап карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізіледі.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, 2020 жылдың 7 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап Қарағанды облысының карантиндік аймағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады.

Карантиннің айрықша тәртібі Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск қалаларына, сондай-ақ Бұқар жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Ботақара, Ғабиден Мұстафин атындағы ауыл, Петровка сияқты бірнеше елді мекендеріне енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы