7 қазанға арналған ауа райы

7 Қазан 2020, 07:11
1105
Бөлісу:
7 қазанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі. 

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады. Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерінде тұман болады. 

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі. 

Сондай-ақ, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы