7 қазанға арналған ауа райы болжамы

7 Қазан 2019, 08:01
1833
Бөлісу:
7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, жел 15-22 м/с күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл ауданының кей жерінде жел 17-22 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі.    

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы