Ақтөбеде 7 азаматты алдаған алаяқ ұсталды

5 Желтоқсан 2019, 18:10
3538
Бөлісу:
Ақтөбеде 7 азаматты алдаған алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік алаяқ әйел қала тұрғындарына "көмек көрсетем" деген желеумен ірі көлемде ақша алып отырған.

Ақтөбе қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті Есет-батыр көшесінде қала тұрғынына "автоцоннан жүргізуші куәлігін алуға көмектесем" деген сылтаумен сенімге кіріп, алдау жолымен 150 000 теңге ақшаны жымқырған.

Сонымен қатар, жергілікті жоғары оқу орнының 3-курс студенті де сол алаяқтың құрбаны болған. Күдікті бұл жолы да студентке "университетте ақысыз бөлімге көшуіңе көмектесем" деген сылтаумен сенімге кіріп, 700 мың теңге көлемінде ақша талап еткен, - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас алаяқтықтың 5 ұқсас дерегі анықталды.

Аталған фактілер бойынша, соталды тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы