7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

7 Қаңтар 2019, 10:13
1593
Бөлісу:
7 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, baq.kz. Бүгін Қазақстанның басым аумағындаауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, жауын-шашын түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетіп, күндіз бұрқасын болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ болып, Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.

Өзгелердің жаңалығы