Астанада "7-20-25" бойынша 1,6 мыңға жуық өтінім қабылданды

4 Қаңтар 2019, 09:54
1310
Бөлісу:
Астанада "7-20-25" бойынша 1,6 мыңға жуық өтінім қабылданды

Астана, baq.kz. Елордада тұрғын үй бағдарламасы аясында ипотекалық несие алу үшін 1599 өтінім қабылданды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Бүгінге дейін олардың 1113-і мақұлданған. 

Естеріңізге сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасы» шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Ол тұрғын үйді сатып алуға жағдай жасай отырып, ипотекалық несиелендіру нарығын қалыпқа келтіруге бағытталған жүйелі шешімдерді ұсынады.


Өзгелердің жаңалығы