«7-20-25». Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қолдауды жалғастырады

13 Қазан 2020, 09:54
1442
Бөлісу:
«7-20-25». Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қолдауды жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің онлайн отырысында 9 ай бойы жасалған жұмыстары туралы ҚҰБ төрағасы Ерболат Досаев баяндады.

Досаев Қазақстан экономикасын қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасып жатқанын айтты. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биыл 9 қазандағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 417 млрд теңгеге 450 өтінімді мақұлдады. 380,4 млрд теңге сомасына 661 қарыз берді, - деп баяндады Ұлттық банк төрағасы.

Ол атап өткендей, төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер 563,9 млрд  теңге сомасына 2 275 өтінім берген. Оның 419,5 млрд теңгесіне 3 887 қарыз берілді.

Сондай-ақ Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қолдауды жалғастырып жатқанын айтты.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылдың 8 қазанына дейінгі мәлімет бойынша 280,5 млрд теңгеге 23 935 өтінім мақұлданды. Оның ішінде 219,4 млрд теңгеге 18 822 қарыз берілді, - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 8 қазанда 373,8 млрд теңгеге 42 736 өтінім мақұлданды, 293,8 млрд теңгеге 34 437 қарыз берілді.


Өзгелердің жаңалығы