"7-20-25": Қарыз беруге 33 635 өтінім қабылданды

10 Шілде 2020, 16:41
1884
Бөлісу:
"7-20-25": Қарыз беруге 33 635 өтінім қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 386,08 млрд теңге сомасына 33 635 өтінім қабылданды. 

ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде жалпы 227,88 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 687 өтінім мақұлданды.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсынан мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз, - делінген хабарламада.     

Өзгелердің жаңалығы