Елімізде «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде көлік беріле бастайды

5 Ақпан 2019, 11:47
3337
Бөлісу:
Елімізде «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде көлік беріле бастайды

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көлікті «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде несиеге беретін бағдарлама осы жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылатынын айтты.

«7-20-25» бағдарламасы сияқты біз халықтың отандық автомобильді сатып алуына кредит беру бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз. Бұл үшін жұмысты мемлекеттік органдар және банктермен бірінші жарты жылдықта пысықтаймыз. Бағдарламаны екінші жарты жылдықта іске қосуға дайынбыз», - деді ол.

Айта кетейік, 2019 жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев отандық көліктерді «7-20-25» бағдарламасы үлгісінде несиеге беруді ұсынған.

Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ
Өзгелердің жаңалығы