7-20-25 бағдарламасына 16 мың азамат қатысты

28 Ақпан 2020, 20:12
1689
Бөлісу:
7-20-25 бағдарламасына 16 мың азамат қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов сөз сөйледі. 

2019 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 17%-ға артып, 1,4 трлн теңгені құрады. Инвестициялардың елеулі көлемі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша рекордтық 13,1 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға және республиканың тұрғын үй қорын 116 мың баспанаға жаңартуға мүмкіндік берді. Осылайша 44 мың жеке үй және 72 мың пәтер көп пәтерлі үй салынды. Қазақстанда бір тұрғынға тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,71 ш. Метрге жеткізді. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асырудың 3 жылында 50 мыңнан астам отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 16 мың азамат "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының қатысушылары болды, – деді Мархабат Жайымбетов.

Оның сөзінше, азаматтарға жеке тұрғын үй салуға бөлінетін 130 мың жер учаскесіне инженерлік коммуникациялар жүргізілді. 
"Бақытты отбасы" бағдарламасы өткен жылдың маусым айында басталып, мүгедек балалары бар, көпбалалы және толық емес 5 мың отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. 2020-2023 жылдары 40 мың отбасыға қолдау көрсету жоспарланып отыр, яғни жыл сайын 10 мың отбасыға көмек көрсетіледі. Бағдарламаның қолжетімділігі үшін аз қамтылған отбасыларға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі. Мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылы "Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық деректер базасы" сервистік бағдарламалық өнімі өндірістік пайдалануға берілді, – деді комитет төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы