«7-20-25»: Ақышев қарыз беруден бас тарту себебін атады

22 Қаңтар 2019, 10:41
2335
Бөлісу:
«7-20-25»: Ақышев қарыз беруден бас тарту себебін атады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасымен 4 мыңнан астам өтінім мақұлданған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында мәлімдеді.


«7-20-25» бағдарламасы 8 бағытта іске асырылады. 17 қаңтардағы жағдай бойынша 52 млрд теңгеге 4351 өтінім мақұлданды. Осы уақытта 17 пайыз немесе 1237 өтінім бойынша қарыз беруден бас тартылды. Бас тартуға негізгі себеп – нашар кредиттік тариф және жеткілікті ресми кірістің болмауы. Халықпен белсенді түрде түсіндіру жұмыстарына 6 млн-нан астам адам тартылды», - деді Ақышев.

Назерке Абибулла


Өзгелердің жаңалығы