69 жастағы Тараз тұрғынынан коронавирус анықталды

3 Сәуір 2020, 02:33
2467
Бөлісу:
69 жастағы Тараз тұрғынынан коронавирус анықталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды.

2 сәуірде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді. Науқас Тараз қаласының 69 жасар тұрғыны болып табылады. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы болып келеді.

Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті ем алуда.


Өзгелердің жаңалығы