62 жастағы америкалық планкада 8 сағат тұрды

17 Ақпан 2020, 22:10
1364
Бөлісу:
62 жастағы америкалық планкада 8 сағат тұрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ теңіз әскерінің ардагері таңғаларлық жетістік көрсетті. 62 жастағы Джордж Худ 8 сағат бойы планкада тұрып, әлемдік рекордты жаңартты. Бұл туралы "МИР 24" хабарлады.

8 сағат 15 минут және 15 секунд бойы қысымда тұру – планка бойынша әлемдік жаңа рекорд. Планкада бір минут тұрудың өзі өте қиын.

Сондықтан Худқа қасындағылар қолдау көрсетіп тұрды. Денесінің ауырғанын сезінбеуі үшін достары мен отбасынан бөлек мектеп оркестрі де көмектесті. Оркестр рекордшының шыдауы үшін бірнеше сағат қатарынан музыка ойнады. 

Худтың өзі бірнеше жыл бұрын планкада 10 сағат тұрған. Бірақ бұл жетістігі тіркелмеген. Ол сол көрсеткішін қайталағысы келген, бірақ сәл жетпей қалды. 

Менен үнемі "неден бастау керек?" деп сұрайды. Мен өз денеңді мазақтамау керек деймін. Күніне 10 минуттан бастаңыз. Бұл өз күшіңізге деген сеніміңізді арттырады және денсаулығыңыз жақсарады, - деген кеңес берді әлем рекордсмені Джордж Худ.


Өзгелердің жаңалығы