600-ге жуық онлайн шаралар өтті – Райымқұлова

2 Сәуір 2020, 12:17
2658
Бөлісу:
 600-ге жуық онлайн шаралар өтті – Райымқұлова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай  кезінде мәдениет саласында атқарылып жатқан жобалар туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн брифинг барысында атап өтті.

Жалпы министрліктің бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгінде жалғасып, қазір жергілікті өнерпаздардың қатысуымен онлайн кездесулер мен концерттер де өтіп жатыр. 
Соңғы 10 күннің ішінде 600-ге жуық онлайн шаралар жүргізілді. Бұл ретте басталғанына көп болмаса да көрерменнің ыстық ықыласына бөленген жоба "Жұлдыз" онлайн концерті. 23 наурыз күні алғаш саны эфирге шықты. "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп өткізіп келе жатқан концерттер қазіргі карантин жағдайына қарамастан, өнер мен ел аузында жүрген әртістер тындарманнан алыстамай өз өнерлерін онлайн форматта өткізіп келеді. Кеш барысында қазақстандықтар әлеуметтік желілер арқылы өнер жұлдыздарымен тікелей сұқбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады,-деді брифингке қатысушы спикер.
Жоба басталғанан бері Роза Қуанышқызының өнерін мемлекет басшысы жоғары бағалап, жезтаңдай әншіге сонымен қатар, барша өнер қайраткерлеріне алғысын білдірді. 
Бұл бізге үлкен абырой жүктейтін зор жауапкершілік деп білеміз. Сол үшінде алдағы уақытта көрерменнің ыстық ықыласына бөлену үшін барынша қызмет атқаратын боламыз, -деп атап өтті Ақтоты Райымқұлов.

Айта кету керек, көпшілік көрерменнің сұрауы бойынша Қазақстанның халық әртісі, еңбек ері Роза Қуанышқызы  "Жұлдыз" жобасында бүгінде өзінің екінші онлайн концертін ұсынатын болады.



Өзгелердің жаңалығы