60-тан асқандар ораза тұтпас бұрын медициналық тексеруден өткендері жөн - Бас мүфти

8 Сәуір 2021, 17:01
1497
Бөлісу:
60-тан асқандар ораза тұтпас бұрын медициналық тексеруден өткендері жөн - Бас мүфти

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты. 

Биыл да Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Осы ретте сіздерді ауызашар мен құлшылық сәттерін өткізу кезінде санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын. Денсаулық бәрінен қымбат құндылық. Алланың адамзатқа берген аманаты. Осы орайда жасы 60-тан асқан азаматтарды, аға, апаларымызды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігер кеңісіне жүгуден бастауға шақырамыз. Өйткені біздің дініміз жеңілдікті үндейді, - деді Бас мүфти.

Оның айтуынша, егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтар эпеидемиологиялық ахуал тұрақталмайынша мешітке бармай, құлшылықты үйлерінде орындаулары қажет.

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы рамазан айында насихат, сұрақ пен жауап жұмыстарын онлайн режимінде жүргізуді жалғастырады. Құран қатым жасалатын рәсімдер де қашықтан оқылады. Біз бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір түнінің онлайн бағдарламасын дайындап қойдық. Үйден шықпай діни уағыз тыңдап, сұраққа жауап алып та сауап алуға болады. Пітір садақасын онлайн берудің оңтайлы жолын қарастырып жатырмыз, - деді Бас мүфти.

Бұған дейін биылғы пітір садақасының құны қанша болатынын жазған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы