6 шілдеде митингке шыққан 100-ден астам адам ұсталды – министр

9 Шілде 2019, 11:18
1942
Бөлісу:
6 шілдеде митингке шыққан 100-ден астам адам ұсталды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматыда өткен рұқсат етілмеген митингте қанша адам ұсталғанын айтты. 

"6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтті. Полицейлерлер оған қатысқан 100-ден астам адамды ұстады. Соның ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылды, 19 адамға әкімшілік шектеу (арест) қойылды, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, митингке xалықты үгіттеген екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Полиция рұқсат етілмеген митингте ешқандай қару қолданбаған.

"Полиция өздерін сабырлы ұстады, ешқандай арнайы құралдар, теxника қолданған жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар жағдайды ушықтыруға тырысты. Олар Алматыда Абай даңғылымен, ал Нұр-Cұлтанда Республика даңғылымен қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтатпақшы болды", - дейді министр.


Өзгелердің жаңалығы