6 сәуір жауын-шашынды болады

6 Сәуір 2019, 09:01
2370
Бөлісу:
6 сәуір жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстігі және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы