Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

29 Қыркүйек 2020, 22:38
1075
Бөлісу:
Қазақстанның 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі. 

Қызылорда облысының кей жерінде күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді. 

30 қыркүйекте және 1-2 қазанда Жамбыл облысында тұман түсіп, шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с дейін жетеді. 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерде 1-3 градус үсік сақталады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. 

Сондай-ақ Түркістан облысының кей жерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы