Мамин 6 млн адамды жұмыспен қамтитын жоспарын бекітті

19 Мамыр 2020, 10:17
1714
Бөлісу:
Мамин 6 млн адамды жұмыспен қамтитын жоспарын бекітті
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин 2020 жылдың соңына дейін еліміздің экономикалық өсімін қалпына келтіруге бағытталған кешенді жоспарды бекітті.

2020 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар іскерлік белсенділікті жандандыруға, халықты жұмыспен қамтуға және олардың табыстарын арттыруға бағытталған жүйелі және салықтық шараларды қамтиды. Бұл құжат - мүдделі тараптардың барлығымен және бизеспен оның ішінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен мұқият талқыланды. Кешенді жоспарды іске асыру сыртқы ортаға тигізетін келеңсіз әсерді барынша азайтуға, аса маңызды салалардың бәрін және отандық бизнес қызметін жандандыру бойынша практикалық іс-шараларды қамтуға тиіс, - дейді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған шаралар бизнеске және микробизнеске қаржыландыру және жеңілдікті кредит беру механизмдерін айтарлықтай кеңейтуді, кепілдік беру және экспорт шығындарын белсенді қолдануды көздейді.

Сонымен қатар, форвардтық және ұзақмерзімде өтеу келісімшарттар практикасы қолданылатын болады. Салық жүктемесі азайтылады, салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі. Салықтар мен қарыздар бойынша префенциялар қолданылып, төлеу мерзімі шегеріледі. Кейбір айыппұлдар алынып тасталады, әкімшілік кедергілер азайтылады, - дейді премьер-министр.

Одан бөлек, тұрғын үй құрылысы нарығында сұранысты ынталандыру бойынша отандық өндіріс және қызмет көрсету саласында жаңа тәсілдер енгізіледі. 

Жалпы кешенде жоспарда көзделген шаралар бірқатар салалардың белсенділігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ол салаларда 6 миллион адам жұмыспен қамтылған. Осы жоспарды мақұлдаймыз. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына және өңірлердің әкімдеріне белгіленген тапсырмаларды уақытында орындауды тапсырамын. Премьер-министрдің орынбасарлары бақылап отырады, - дейді Үкімет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы