Бас жаңалықтар
6 маусымға арналған ауа райы болжамы
06 Маусым 2019, 08:15 362

6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Соған байланысты жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып өтеді, тек республиканың батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде найзағай, жел, шаңды дауыл, дауыл, бұршақ болады, солтүстікте кей жерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, дауыл, жел 15-25 м/с, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерінде дауыл, жел түнде кей жерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерінде дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с, Түркістан облысының кей жерінде дауыл болады.

Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді. Алматы облысының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауылмен, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде дауыл болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жағары өрт қаупі сақталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық