ШЫҰ елдері аумағынан 6,8 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

22 Шілде 2019, 19:49
1721
Бөлісу:
 ШЫҰ елдері аумағынан 6,8 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШЫҰ елдерінің территориясында "Өрмек" халықаралық есірткіге қарсы операциясын өткізуге құқық қорғау органдарының 76,5 мың қызметкері жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шілдеде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында психобелсенді заттарды, синтетикалық және басқа да есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған, оның ішінде Интернет-ресурстар мен электрондық төлем жүйелерін пайдалана отырып, "Өрмек" халықаралық есірткіге қарсы операциясы өткізілді.

Операцияға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Ауғанстаннан, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен ОАӨАҮО бақылаушылары қатысты.

2.jpg

Қазақстан ІІМ басшылығымен Алматы қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы ведомстволарының өкілдері қатарынан Халықаралық үйлестіру штабының жұмысы ұйымдастырылды.

"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында құқық қорғау органдарының 76,5 мың қызметкері жұмылдырылды, олар 1140 есірткі қылмысын анықтады. 6,8 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 2,5 тонна апиын, 1,3 тоннадан астам героин, 1,8 кг кокаин, тоннадан жоғары мархуана, 837 кг. гашиш сондай-ақ 84 кг синтетикалық есірткі және 41 кг психотроптық заттар алынды", - деп өтті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.

Есірткі құқық бұзушылығын жасағаны үшін ШЫҰ елдерінде 2 мыңнан астам ұсталды. 70 мың АҚШ долларына есірткі кірісіне алынған мүлік пен жария етілген ақша қаражаты тәркіленді.

"Қазақстан тарапынан 100 кг астам есірткі, оның ішінде 2 кг героин, 98 кг марихуана, 1 кг гашиш тәркіленді. 252 есірткі қылмысы анықталды, 10 қатысушы құрамында ұйымдасқан қылмыстық есірткі тобының қызметі жойылды. 1 млн. теңгеден астам сомаға есірткі кірістерін заңдастыруға әрекет жасаудың жолы кесілді", - деді ведомство өкілдері.

Халықаралық үйлестіру штабының қатысушылары ІІМ Кинологиялық орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ Алматы облысының Іле ауданындағы өндірістік мақсатта техникалық сораны қайта өңдейтін "Қазхэмп" ЖШС-де болды.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Н. Аққошкаров С. "Өрмек" операциясының практикалық іс-шара ретінде маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан ІІМ-нің іс-шараны ұйымдастырудағы рөлін ерекше атап өтіп, Ішкі істер министрі мен жеке құрамына операция жүргізу идеясы және оның сапалы іске асырылғаны үшін алғыс атты. Сондай-ақ "Өрмек" операциясына жыл сайынғы мәртебе беру қажеттілігі туралы пікірін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы