Бас жаңалықтар
5G  желісіне қосылу үшін қазақстандықтарға жаңа смартфон алуға тура келеді
19 Шілде 2019, 14:12 2860

5G желісіне қосылу үшін қазақстандықтарға жаңа смартфон алуға тура келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Қазақстанда 5G байланыс желісінің бесінші буыны қашан енгізілетінін айтты. 

«Бізде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында 5G бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 5G пилоттық жобасы провайдерлерден қандай ресурстар қажет екенін көрсетті. Нәтижелері бойынша жұмыс жоспарлары түзетіледі. 5G енгізіледі. Қазақстан 4G енгізе бастаған алғашқылардың бірі болғанын жақсы білесіздер. Міне, біз бүгін де 5G енгізе бастағандардың бірі болып отырмыз», - деп атап өтті Оспанов.

Вице-министр смартфонымен Қытай әуежайында 5G-ға қосыла алмағанын айтты.

«5G қолдайтын телефондар қажет. Қытайда жақында ірі конференцияда болдым. Әуежайда отырдғанда WI-FI 5G болды, бірақ оған қосыла алмадым.  Өйткені маған «телефоныңыз 5G функциясын қолдамайды» деді», - деп айтты вице-министр.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық