Ұлыбритания 5G желісін іске қосты

31 Мамыр 2019, 21:04
2231
Бөлісу:
Ұлыбритания 5G желісін іске қосты

Алматы, BAQ.KZ. Британдық ЕЕ мобильді операторы бейсенбі күні алғашқы коммерциялық 5G желісін іске қосты, деп жазды Коммерсанть басылымы.

5G желісі әзірге 6 қаланың аумағында ғана қызмет етеді, оның қатарында Лондон, Эдинбург және Манчестер қалалары бар. Жыл соңына дейін тағы  он қалада іске қосылады деп жоспарлануда. Маусым айынан бастап британдық Vodafone операторы да 5G желісін іске қоспақ. 

Осылайша, Ұлыбритания 5G желісін іске қосқан алғашқы еуропалық елдердің бірі болып отыр. Бұған дейін жоғары жылдамдықты интернет желісі Швейцария және Монако мен Сан-Марино сияқты бірнеше шағын мемлекетте қосылған. Сонымен қатар, АҚШ пен Азияның бірнеше елінде 5G іске қосылған. 

Қытай мен Жапонияда 5G желісі әзірге қосылмаған.

Өзгелердің жаңалығы