АҚШ пен Оңтүстік Корея коммерциялық 5G желісін іске қосты

5 Сәуір 2019, 10:59
2689
Бөлісу:
АҚШ пен Оңтүстік Корея коммерциялық 5G желісін іске қосты

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық және кореялық компаниялар коммерциялық 5G желісін бір күнде іске қосты. Бұл туралы «Вести.Экономика» хабарлады.

Амеркиалық Verizon компаниясының коммерциялық 5G желісі әлем бойынша бірінші болып іске қосылуы керек болған. Алайда кореялық компания олардан ерте іске қосатынын мәлімдеді. Verizon кореялық әріптестерін басып озу үшін іске қосу мерзімін бірден бірден өзгертті. Нәтижесінде екі ел өздерінің коммерциялық желісін бір күнде іске қосқан.

АҚШ-та 5G желісіне панелінде Moto Mod 5G белгісі бар Moto Z3 смартфонын ұстайтын Миннеаполис және Чикагоның кейбір аудандары қосыла алады. Бұл Verizon компаниясының алғашқы қадамы. Ақпан айында олар 2019 жылы АҚШ-тың 30 қаласын 5G желісімен қамтитындықтарын мәлімдеген.

5G абоненттері лимитсіз жоспардың үстіне айына қосымша 10 доллар төлейтін болады. Интернет жылдамдығы шектелген ең арзан тариф - Go Unlimited үшін айына 85 долар төлеу қажет. Ал ең қымбат тариф - Above Unlimited айына 105 долларға шығады. 

Оңтүстік Кореяда 5G желісін жергілікті SK Telecom операторы ұсынуда. Әзірге оған тек бір құрылғы арқылы қосылуға болады, яғни 5G модулі бар Samsung Galaxy S10 құрылғысын ұстайтындар ғана.

Өзгелердің жаңалығы