5G Қазақстанды қалай өзгертуі мүмкін

24 Мамыр 2020, 16:55
2489
Бөлісу:
5G Қазақстанды қалай өзгертуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 5G технологиясын іске асырудың тұжырымдамасын жасауда. Бұл туралы Инстаграмдағы тікелей эфир кезінде "Қазтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты.

5G елімізде 2019 жылдың желтоқсан айында сынақтан өтті. 

Бесінші буын желісі ұялы байланыс қызметтерін ұсыну үшін де, интернетке қол жетімділік үшін де, IoT (интернет заттары) үшін де қолданылатын болады.  

Сарапшылар бесінші толқын деп аталып кеткен технологиялық жетістік "ақылды қала", "ақылды өндіріс" технологиялар туралы идеяларды іс жүзіне асыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Қуанышбек Есекеев  5G енгізу жұмыстары тоқтап қалмайтынын және коронавирусқа байланысты карантин шаралары бас жоспарларға әсер етпейді деп сендірді.

 

Барлық қажетті техникалық тестілеу 2019 жылы Tele2 / Altel және Kcell желілері негізінде өткізілді. 5G технологиясының тестілері техникалық аспектілерді - бағдарламалық қамтамасыз етудің қол жетімділігін, қамтудың жылдамдығын және деректерді беруді кешіктіруді тексеруге бағытталған, - дейді Қуанышбек Есекеев.

 

Оның айтуынша, тестілеуден бөлек, реттеу жұмыстары да жүргізілуде.

 

"Қазақтелеком" қазіргі уақытта елде 5G технологиясын енгізу тұжырымдамасын әзірлеуде. Тұжырымдамада технологияны енгізудің техникалық, реттеуші, қаржылық, экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық аспектілері қарастырылған. Қазір тұжырымдаманың бірінші бөлігі аяқталды. Құжатты әзірлеуде ерекше назар бизнес-модельдерді анықтауға және 5G экожүйесін дамытуға бағытталған, - деді "Қазтелекомның" басқарма төрағасы.

 

5G қарапайым тұтынушылар үшін қажет пе, жоқ па деген сұраққа бесінші буын өнеркәсіптік мақсатта көбірек сұранысқа ие болады деген сауал ел ішінде көптен бар еді. Қуанышбек Есекеев 2012 жылдың соңында 4G қалай енгізгенін есіне алды.  Содан кейін халық бұл технологияны қатты қолдамады.  

Алайда, қазір біз ештеңе туралы ойламаймыз, бірақ жай ғана 4G-ті қолданамыз, - дейді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы