Өзбекстанда 5G байланысын сынақтан өткізу басталды

17 Қыркүйек 2019, 12:10
1788
Бөлісу:
Өзбекстанда 5G байланысын сынақтан өткізу басталды

Алматы, BAQ.KZ. Uzmobile ұлттық ұялы байланыс операторы 5G-ді тестілеуді бастады. Бұл туралы Өзбекстан байланыс компаниясы хабарлады.

Өзбекстан президенті Қытайға жасаған cапары барысында оған 5G технологиясын таныстырған. Президент өз кезегінде Huawei компаниясы 5G технологиясын Өзбекстанға енгізу мүмкіндіктерін қарастыруын ұсынған. Нәтижесінде Өзбекстан үкіметінің делегациясы мен ҚХР-ғы Huawei компаниясы арасында үшжақты келісімшарт жасалған.

Оның біріншісі, Өзбекстан ақпараттық технологиялар мен коммуникацияны дамыту министрлігі мен Huawei арасында «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша интеллектуалды карта, жол көлік қозғалысын басқаратын ақылды жүйе құру болған. 

Екіншісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды медициналық жедел жәрдем қызметіне енгізу саласында әріптестік орнату. 

Сонымен қатар, ұлттық байланыс операторының технологиялық жабдықтарын жаңғырту жобасы бойынша UMS /Universal Mobile Systems/ және Huawei ұялы байланыс операторлары арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Өзгелердің жаңалығы