593 адам ардагер атанады. Таулы Қарабақтағы іс-қимыл кезеңі 1991 жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін

5 Мамыр 2022, 13:00
1564
Бөлісу:
593 адам ардагер атанады. Таулы Қарабақтағы іс-қимыл кезеңі 1991 жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіледі. Мемлекет әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізуде. Осылайша, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» заң қабылданды, онда ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылды. Ол жаңадан енгізілген ардагерлер санаттарының ішінен 11 мың адамға ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға, сондай-ақ ардагерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді, - деді Руслан Сакеев.

Ол атағандай, 2021 жылы «Ардагерлер туралы» заңға зейнеткерлік жасқа толған, жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл, сондай -ақ еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген – «Еңбек ардагері» медалімен наградталған адамдарды еңбек ардагерлеріне жатқызуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Осы жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде Таулы Қарабақтағы жауынгерлік іс-қимылдар кезеңін 1991 жылдың соңына дейін ұзарту көзделіп отыр. Нәтижесінде этникааралық қақтығысты реттеуге қатысқан тағы 593 әскери қызметші ардагер мәртебесін алады, – деп толықтырды сөзін Руслан Сәкеев.

Өзгелердің жаңалығы