Биыл аз қамтылған 582 шығысқазақстандық баспаналы болады

19 Сәуір 2019, 09:12
2081
Бөлісу:
Биыл аз қамтылған 582 шығысқазақстандық баспаналы болады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің барлығы, яғни 60 мың бала 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Бұл жөнінде Nur Otan партиясы ШҚОФ ХХІІІ-ші партиялық конференциясы барысында айтылды.

«Мектепке дейінгі біліммен қамтылған 1736 балғын көпбалалы отбасылардың балалары. Қазіргі уақытта олардың 188-і жекеменшік балабақшаларда тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ ерекше білім қажеттілігі бар аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балабақшада тамаққа төленетін төлемақыдан толықтай босатылады. Жалпы оқу қорының көлемін 3 пайызға немесе 500 миллион теңгеге ұлғайту жөнінде тапсырма беріліп, аталмыш қаражатты азқамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасын сатып алуға жұмсау көзделуде», - деді Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан Облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Дегенмен, тұрғындардың бұл санаттарына берілетін жеңілдіктер мектеп қабырғасымен түгесіліп қалмайды. Жалпы, техникалық және кәсіптік оқу жүйесінде де жұмысшы мамандықтарды даярлауға бөлінетін гранттар саны соңғы екі жылда ұлғаю үстінде. Атап айтсақ, биыл оқуға жаңадан қабылданған 6200 балаға 4,5 миллиард теңге бөлінсе, оның бір бөлігі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына шәкіртақы төлеуге және тамақтандыруға бағытталады.

«Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі де назардан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда облысымызда 87 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл жалдамалы пәтерлері бар 10 үй қолданысқа беріліп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 582 отбасы баспаналы болмақ», - деп қосты Әнуарбек Мұхтарханұлы.


Өзгелердің жаңалығы