Бас жаңалықтар
№58 сайлау учаскесі. Сайлау қалай өтіп жатыр?
PHOTO
10 Қаңтар 2021, 09:42 84

№58 сайлау учаскесі. Сайлау қалай өтіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқушылар сарайындағы №58 сайлау учаскесінде сайлаушылар таңдау жасап жатыр.

№58 сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Іргебаеваның айтуынша, сайлау учаскесі бір ай бойы дайындық жұмысын жүргізген.

Сайлау учаскесінде 3040 сайлаушы тіркелген. Көпшілігі келіп,тізімде бар-жоғын тексеріп жатып. Қазіргі жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталған,-деді Іргебаева.

Ол атағандай, сайлау комиссия мүшелері мен байқаушылар арнайы орындарға жайғастырылды. Сайлау комиссиясы таңғы 06:00-да келіп жұмысын бастады. Дауыс беру 07:00-де басталды. Таңертеңнен азаматтар сайлауға келіп, таңдау жасап жатыр,- деді ол. 

Іргебаева алғашқы келген сайлаушыларға шағын сыйлықтар берілгенін айтты.

Белсенділік бар. Сайлау өз деңгейінде өтіп жатыр. Қарт адамдар да келіп, белсенділік танытып жатыр,-деді ол.

Айта кетейік, еліміздегі барлық сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Бүгін Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Фото: автордан
Загрузка...