Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізді

27 Наурыз 2020, 14:16
1852
Бөлісу:
Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылар пойызына билеттерді қайтару жағдайы тұрақтанды. 

Қазіргі таңда "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларына 3,6 млрд теңгеге жол жүру құжаттары тапсырылды. 12-26 наурыз аралығында Қазақстандықтар 578 мың теміржол билетін қайтарып алды, - делінген хабарламада.

Вокзалдарда пайдаланылмаған билеттерді қайтару туралы хабарландыру көрсетіледі. Сондай-ақ, темір жол қызметкерлері жолаушыларға билет кассаларының жанында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы әңгіме өткізеді.

Жолаушылар поездарында жолсеріктер міндетті түрде жолаушылардың денсаулық жағдайын нақтылайды, қатаң кесте бойынша вагондарда жинау жүргізіледі және дезинфикация ережелері сақталады.


Өзгелердің жаңалығы