Бас жаңалықтар
569 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған
21 Маусым 2021, 13:51 3026

569 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтырғы жылы 569 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

2020 жылы COVID-19-ға қарсы күреске 6,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 3,5 трлн теңге бөлінді. Бұл сомалар қалай игерілді?

Есеп комитетінің деректері бойынша оларды игеру кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол берілген. Менің әріптестерім дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген шығыстар тиімділігінің төмен екендігі туралы бірнеше рет айтты. Бұл – «Жұмыспен қамтудың жол картасына», «Бизнестің жол картасына» және тағы басқа жобаларға қатысты, - деді Аманжан Жамалов.

Ол сонымен қатар бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану практикасы жалғасып жатқанын да айта кетті.

2020 жылы 569 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Бұл 2019 жылға қарағанда 33%-ға артық. Таң қалатыным, оның 10%-ы, яғни 56 млрд теңгесі квазимемлекеттік секторға қатысты. Бір қарағанда, олай болуы мүмкін емес болып көрінеді. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, олар бюджеттік ұйымдар емес, кәсіпкерлік субъектілері. Бірақ шән мәнінде солай болып шықты. Сонымен қатар өткен жылдардағыдай стратегиялық және бюджеттік жоспарлау арасында тиісті өзара байланыстың болмау проблемасы сақталып отыр. Мемлекеттік органдардың стратегиялық нәтижелерінің, көптеген көрсеткіші олардың қызметінің ағымдағы сипатын көрсетеді, - дейді депутат.

Оның айтуынша, көбінесе мемлекеттік органдар өздеріне оңай көрсеткіштерді белгілейді. 

Мысалы, қанағаттану деңгейі, сапа деңгейі, қолдау деңгейі. Олардың негізі – әлеуметтік зерттеулер. Оларды мемлекеттік органдардың тағы да бюджет қаражатына жүргізеді. Өкінішке қарай, Үкімет әлі күнге дейін стратегиялық мақсаттар мен бюджет шығыстарының тиімділігін бағалайтын әдістемені қабылдаған жоқ, ол бюджеттің атқарылу сапасына әсер етеді, - деді Аманжан Жамалов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...