5136 адам көлікте мас болғаны үшін жауапқа тартылды

9 Қазан 2019, 21:47
2108
Бөлісу:
5136 адам көлікте мас болғаны үшін жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің көлік полицейлері жыл басынан бері қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін 5136 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 7 қазанында Шиелі стансасындағы Желілік полиция бөлімшесіне жолаушылар пойызының жолсерігінен «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында құқықбұзушының бар екені туралы хабарлама келіп түсті.

Көлік полицейлері тексеру барысында полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, масаң күйде жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған  Қырғызстан Республикасының азаматын анықтады.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқықбұзушы «орташа дәрежелі» алкогольдік масаң күйде болған. 

Ұсталған азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 440 бабы 1 тармағы (Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің көлік полицейлері осы жылдың басынан бері әуе және темір жол көлігі нысандарында 43040 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін - 5136.




Өзгелердің жаңалығы