5135 адам ұсталды – ҚР ІІМ

9 Қаңтар 2022, 09:03
2402
Бөлісу:
5135 адам ұсталды – ҚР ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық тәртіпті және елдің қауіпсіздігін сақтау кезінде 16 полиция қызметкері содырлардың қолынан мерт болды.

Бұл туралы  Хабар 24 хабарлады.

Полиция, қорғаныс министірлігі және Ұлттық ұланның 1330-дей қызметкері жараланды. Ерлан Тұрғымбаев қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, елге оқ атқан кінәлілердің бәрі анықталып, жазаға тартылатынын жеткізді.   

4 қаңтарда елдің бірқатар аймағында: Атырау,  Кызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстары мен Семей және өзге де бірқатар қалаларда бүлік туындады. Әсіресе Алматыда жағдай ушықты. Мұндағы ереуілшілер келіссөзге де шықпады. Дүкендер тоналып, мемлекеттік және басқа да мекемелерді қиратты. Бүлікшілер ғимараттарға от қойды. Ең қиыны бейбіт халыққа оқ атылды. Дәрігерлер, өрт сөндірушілер зардап шекті. Дегенмен тәртіп сақшылары мен әскерилер барынша ұстамды болып, жағдай тек бақылаудан шыққанда ғана іске кірісті. 800-дей қаскөй халықаралық әуежайға шабуыл жасады. 5 қаңтар күні де көптеген ғимараттар қирады. 6-7-сінде Тараз, Талдықорғанда қауіпті қылмысты топтар түрмелерге шабуылдады. Бұған полицейлер тойтарыс берді. Алматыда полиция ғимараты мен әскери бөлімдерге, блок бекетерге де шабылу жасалды.  

Жалпы 400-дей техника жойылған. Оның 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. 100-ге тарта ірі сауда орындары мен банктер тоналды. Шығын 87 млрд. теңгеден асады. Осыған байланысты көліктер мен азаматтар тексеріледі. Жалып іс шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Қазірге дейін  5135 күдікті ұсталған. Оның 134-і ауыр қылмыс жасағандар. Шекарадан өтпек болған қылмыскерлер де қолға түсті. Қазір террорлық актілерге қарсы операциялар жалғасып жатқанмен, елдегі ахуал тұрақталды. Ішкі істер министірнің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев өз мәлімдемесінде осындай деректер келітріп, елді сабырлық сақтап, сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы