Бас жаңалықтар
500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылады – Сапарбаев
06 Мамыр 2019, 12:04 508

500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылады – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл бағытта жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр.

 
«Біз 1 маусымнан бастап жалақы орташа 15-30% жоғарылайтынын бірнеше рет айттық. Қазір Үкімет қажетті нормативтік актілерді әзірлеп жатыр. Ай соңына дейін осы нормативтік актілер жіберіледі. 100% қаржыландыру қамтамасыз етілді. Біздің болжамымызға қарағанда, шамамен 1,1 млн қазақстандықты қамтып отыр», - деді Сапарбаев Үкімет үйіндегі еліміздегі жаңа әлеуметтік саясатқа байланысты аймақтарға жасалған сапар қорытындысы бойынша брифинг барысында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2019 жылдың соңына дейін 83 млрд теңге көлемінде кем дегенде 821 мың қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.

«500 млрд теңгеге 58 мың отбасы жалдамалы және Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы үймен қамтылады. Сонымен қатар, біз кәсіпорындар, компаниялар және бизнес құрылым басшыларымен жұмыс істейміз. 287 пәтер бөлінді. Біз соңына дейін 1530-ға жуық пәтер беруіміз керек. Бұл жұмыс жалғаса береді. Қазір осындай басшылармен келіссөз жүргізудеміз. Әсіресе,  алғашқы жарнаны төлеуге байланысты. Яғни, 10 %  өтеу, шамамен 800 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңгеге дейін. Жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр. Жыл соңына дейін 83 млрд теңге көлемінде кем дегенде 821 мың қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін Бердібек Сапарбаев қазір 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...