500 АЕК беріледі. Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайға қатысты мәлімет берді

3 Мамыр 2022, 13:17
1999
Бөлісу:
500 АЕК беріледі. Қорғаныс министрлігі Әлібек Қалбайға қатысты мәлімет берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы генерал-майор Серік Бурамбаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Біз ресми түрде ол жағдай болған уақытта да ақпарат бердік. Әлібек Қалбайдың ісі тергеліп жатыр. Біз айтуға болатын ақпаратты жарияладық. Қазір сабырлық танытып, пікір айтпайық дедік. Біздің тарапмыздан жасыратын ештеңе жоқ. Оның алдында Преиденті те «естуші мемлекет» қағидасы бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Оқиға болған күні марқұмның туыстары келіп, әскери бөлімді көріп кетті. Екі-үш күн бұрын да Әлібек Қалбайдң туыстары келіп, сарбаздар мен жерлестерінің жағдайын көріп, әңгімелесіп сөйлесті, - деді ол. 

Серік Бурамбаев атап өткендей, әскерге шақырушылар бойынша қағида бар.

Барлығы жақында шақырылған балалар. Ол сапта тұрып, есінен танып құлап қалған. Біз әскери тергеудің нәтижесін күтеміз. Бірақ әлімжеттік нәтижесінде қайтыс болса, тиісті жаза беріледі. Оның отбасына 500 АЕК төлемақы беріледі. Ескерткіш қоюға 80 АЕК беріледі. Біз ондай жағдайда жеке құрамның атынан да материалдық көмек көрсетілді, - деді ол. 

Айта кетейік, Гвардейск әскери госпиталінде Әлібек Қалбай қайтыс болды. 

Өзгелердің жаңалығы