Қытайдан тыс коронавирус жұқтырғандар саны 500 адамнан асты

14 Ақпан 2020, 09:45
1150
Бөлісу:
Қытайдан тыс коронавирус жұқтырғандар саны 500 адамнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 63 мыңнан астам жұқтырған адамның ішінде 505 адам Қытайда емес, шетелдерде. Бұл туралы қытайлық мемлекеттік телеарна CGTN хабарлады.

Ал South China Morning Post газетінің жазғанына қарағанда коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Жапонияда, оның ішінде 218 адам Diamond Princess круиз лайнерінде науқастанған. 60-қа жуық адам Сингапурда және шамамен 30-ға тарта адам Тайланд пен Оңтүстік Кореяда тіркелген.

Батыс елдерінің ішінде Германияда 16 адам, Францияда 11 адам және Австралияда 15 адам коронавирус жұқтырған. 
Бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 63,8 мың адамнан асқанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы