50 шымкенттіктің атынан тауарлық несие рәсімдеген алаяқ қамауға алынды

7 Желтоқсан 2021, 21:40
976
Бөлісу:
50 шымкенттіктің атынан тауарлық несие рәсімдеген алаяқ қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 50 шымкенттіктің атынан тауарлық несие алған алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел оның атынан тауарлық несие рәсімдеп, алаяқтық жолмен млн теңгесін иемденіп кеткендігін жазып көрсеткен. 

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматшаның бұдан бөлек осыған ұқсас 50 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. 

Қазіргі таңда аталған әйел қамауда. Бұл жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді.



Өзгелердің жаңалығы