Сұлтанов: 5 жылда шикізаттық емес экспортты 24-тен 41 млрд долларға дейін ұлғайтамыз

17 Маусым 2020, 20:18
1443
Бөлісу:
Сұлтанов: 5 жылда шикізаттық емес экспортты 24-тен 41 млрд долларға дейін ұлғайтамыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан тура бір жыл бұрын ел басшылығы маған сол күні құрылған Сауда және интеграция министрлігін басқаруға үлкен сенім білдірді. Бұл туралы министрлік басшысы Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Бұл құрмет мен үшін Тәуелсіздігіміздің жаңа тарихында алғаш рет сыртқы және ішкі сауда мәселелерін бірдей реттейтін мамандандырылған мемлекеттік орган құрылуы аясында үлкен жауапкершілікпен бекітіледі. Өткен жылдың оңай емес болғаны белгілі. Сауда саласы ЖІӨ-де елеулі үлеске ие болса да (2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ құрылымында 17%-ті құрады) және ең жылдам өсіп келе жатқан салалардың бірі болып табылғанымен, өткен жылға дейін Үкіметте жеке реттеуші (лоббист) болған жоқ - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда, ол бірден күрделі сын-қатерлерге тап болғаны туралы айтты.

Өткен жыл шикізаттық емес экспорт көрсеткіштерінің соңғы бірнеше жылда алғаш рет төмендеуімен сипатталды, бұл тек өндіріс пен қызмет салаларын ғана емес, сондай-ақ өткізу нарықтарын әртараптандырудың маңыздылығын тағы да растады. Ал, ағымдағы жүріп жатқан пандемия сыртқы нарықтарда олардың жабылуына, сондай-ақ қатаң карантиндік шараларға байланысты ішкі сауданың құлдырауы салдарынан екі жақтан соққы әкелді. Сондықтан да, жаңа ведомствоның жедел қалыптасуы осындай қиын жағдайда оның ауқаттылығын дәлелдеу қажеттілігімен толықтырылды - деді министр.

Бақыт Сұлтанов министр болып тағайындалған сәттен бастап әріптестерімен бірге тұрақты түрде бизнес өкілдерімен ақылдасып отыратындығын жеткізді.

Біз әрқашан өндірушілермен, трейдерлермен, ритейл қатысушыларымен байланыста болдық. Сауда жүйесіне қатысушылардың ішкі нарықта да, экспорт үшін де тауарлардың сапасын арттыру жөніндегі бастамалары 2025 жылға дейінгі сауданы дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жобасының негізіне алынды. Техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі ұсынымдар – "Техникалық реттеу туралы" заң жобасын (жаңа редакциядағы) және бірқатар кодекстер мен заңдарға ілеспе түзетулерді әзірлеунің негізінде қабылданды. Өндіріс және әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етілу жағдайын талдау сауда логистикасы мен қазіргі заманғы сауда форматтары проблемаларын анықтады: бұл мамандандырылған сақтау қоймаларының тапшылығы, стационарлық емес және қауырт нарықтар үлесінің жоғары болуы және өндірушілер үшін сауда желілеріне қолжетімділіктің жоқтығы, сондай-ақ сауда желілерінің жақын көршілермен салыстырғанның өзінде әлсіздігі болып табылады. Нәтижесінде біз ұлттық тауар өткізу (тарату) жүйесін (ҰТЖ) құруға бастама жасадық. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі арқылы үш форматтағы көтерме-бөлу орталықтарын (қоймаға қою, сауда, бөлу) құруды іске асыру жобаны жеке бизнес есебінен қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді - деді ол.

ҰТЖ құрудың нәтижесі ретінде фермерлердің кірістері артады: бүгінгі күні дұрыс сақталмаудан өнімдердің бүлінуіне байланысты жоғалатын ресурстар ҰТЖ-ның пайда болуымен табысқа айналады.

Фермердің пайдасы неғұрлым көп болса, соғұрлым ол өндірістің жаңа технологияларына инвестициялай алады және оның өндірісінің пайдалы әсер коэффициенті (өнімділігі) жоғары болады.
Екінші маңызды мәселе - тауар өткізу жүйесін құрумен сауда тізбегінің әрбір буынының үстеме бағалары түсінікті және болжанатын болады. Қазір біз бұл үстеме бағаны постфактум көріп отырмыз. ҰТЖ тұтастай алғанда елдегі азық-түлік саудасының барлық жүйесін түзетеді: агроөнеркәсіптік кешен өнімділігінің өсуі және өткізуге бәсекелестік есебінен жалпы баға қалыптастыру теңгеріледі (шығындарды төмендету есебінен - сатып алушы үшін түпкілікті баға тіпті төмендейді). Болашақта бұл елеулі маусымдық баға ауытқуларын болдырмауға мүмкіндік береді. Айта кетер жайт, биржалық және электрондық коммерцияны қоса алғанда, сауданың заманауи форматтарын енгізу (мұның барлығы ҰТЖ көзделген) сауданы "көлеңкеден" шығаруға ықпал ететін болады. Ал бұл бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайтады (анықтама үшін: статистиканың деректеріне сәйкес көтерме және бөлшек сауда соңғы үш жыл ішінде ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың ең үлкен үлесіне ие, оның көлемі 2018 жылы 5,2 триллион теңгеге дейін жетті. Барлық сауданың жалпы қосылған құнының шамамен 51%-і көлеңкеде қалуда)  - дейді министр.

Ең бастысы - бірыңғай ақпараттық жүйе сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін көруге мүмкіндік береді және импорт алмастыруды дамытуда жақсы демеу болады.

Экспорттық бағыт – жеке сала. Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге байланысты туындаған проблемаларды қолмен басқару (орысша айтқанда "в ручном") режимінде шешіп, шекарадағы кедергілерді жоюға көмектесіп "жасыл дәліздерді" ұйымдастырып, шетелден тұтынушыларды іздестіру сияқты шараларды қабылдадық. Осы уақытта да біз экспортқа партнёрлерді табуға көмектесіп келеміз. Мен әрбір сапарымда әр ел үшін қазақстандық өнімдер тізімін ұсынып барамын. Бізде бес жыл ішінде шикізаттық емес экспортты (тауарлар мен қызметтер) 24-тен 41 млрд.долларға дейін ұлғайту маңызды мақсат болып табылады Көптеген тауарлардың сыртқы нарықтардағы құнының төмендеуін ескеретін болсақ бұл мақсатқа жету оңай емес (биылғы жағдай мынадай: экспорттың физикалық көлемі өсуде, ал баға көлемі – төмендеуде). Бірақ, қойылған мақсатқа жетеміз деп ойлаймын - дейді Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуына қарағанда бұл салада жалпы, жұмыс көп. 

Ол қиын, бірақ өте қызықты және барлық қазақстандықтар үшін маңызды. Мен Мемлекет басшысының осыдан бір жыл бұрын осы саланы маған сеніп тапсырғанына алғысымды айтамын. Министрлік мамандарының және біздің барлық ведомствоға қарасты комитеттер мен компанияларымыздың мықты командасымен, өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастықтарымен тығыз «байланыста» біз сауда саласын жаңа, заманауи және тиімді деңгейге шығарамыз. Өткен жылы алғашқы қадам жасалды. Жұмыс жалғасуда. - дейді министр.
Өзгелердің жаңалығы