Шамалғандағы апат: 5 жасар бүлдіршін есін жиды

23 Қыркүйек 2019, 14:33
1846
Бөлісу:
Шамалғандағы апат: 5 жасар бүлдіршін есін жиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шамалғандағы пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен бүлдіршін арнайы аппараттардан ажыратылып, палатаға ауыстырылды, деп хабарлады Almaty.tv.

5 жастағы қыз бала жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып бүгін палатаға ауыстырылады. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Алайда, дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр.

Ал, 3 жасар балақай әлі жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр, оның да жағдайын ақ халаттылар аса ауыр дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысты. Апат түсірілген видео да жарияланды. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады.

ҚТЖ басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловтың мәліметіне сәйкес, автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен.

Жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 9 адам жарақаттанған. Қаза болған – автобус жүргізушісі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

Ал Ішкі істер министрлігі 3 жолаушының аудандық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Одан кейін қайтыс болған жігіт 1979 жылғыекені белгілі болды. 2014 және 2016 жылғы балалар мен 33 жастағы әйелдің Қарасай аудандық емханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқаны да анықталды.

Өзгелердің жаңалығы