Анасы мен 5 жасар баласын қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

20 Тамыз 2019, 16:52
1867
Бөлісу:
Анасы мен 5 жасар баласын қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіге ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға Алматыда 9 тамызда сағат 21:00 шамасында Бурундайская көшесінде болды. BMW маркалы автокөлік жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан 1996 әйел мен оның 5 жасар баласын қағып кетті.


загружено.png

«Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалады. Оны іздестіру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бірер күн бұрын күдікті 1986 жылғы Д есімді азамат құрықталып, ҚР қылмыстық істі жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасындағылар.

Полицейлердің айтуынша, Д есімді азаматқа бірден қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылады: ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлімі – 2 немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болған жол апаты және 347-бабы – жол апаты кезінде оқиға орнынан қашып кету.


Өзгелердің жаңалығы