5 шілдеден бастап мешіттер қайта жабылады

3 Шілде 2020, 20:40
1286
Бөлісу:
5 шілдеден бастап мешіттер қайта жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Айжан Есмағамбетова арнауы Қаулы қабылдады.

1. Шектеледі:
- қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричка, жұмыс поездарын қоспағанда) қозғалысы 
- қалааралық автобус тасымалдары тоқтылады
 
2. Адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тиым салынады.

3. Діни объектілердін (мешіттер, шіркеулер,  соборлар, синагога және т.б.) қызметі тоқтатылады

4. Келесі ұйымдардың қызметі тоқтатылады:
- барлық мәдениет объектілері (театрлар, концерт ззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.); 
- азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды; 
- балаларды сауықтыру лагерьлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, балалардың түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтар, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар;
- фудкорт, банкет залдары;
- СПА-орталықтар, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр;
- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары.

5. 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметімен жұмыс істейді.

6. 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруы шектеледі.

7. Қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі.
Өзгелердің жаңалығы