Еліміздің 5 облысында ескерту жарияланды

5 Қараша 2021, 20:10
1294
Бөлісу:
Еліміздің 5 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

6 қараша күні тәулік бойы Түркістан облысының тау бөктерлі және оңтүстік аудандарында тұман түсуі ықтимал.

Шымкентте де 6 қараша күні тұман түсуі ықтимал.

6 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Оралда 6 қарашада жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 қарашада Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда 6 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

6 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылордада 6 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

6 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, 6-8 қарашада Алакөл көлдерінің ауданында жел шығыстан соғады, күші 17-22 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы