5 млн теңге. Заңсыз құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты

25 Тамыз 2020, 17:00
2490
Бөлісу:
5 млн теңге. Заңсыз құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлады.


Қостанай облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруда қолданылған заттай айғақтар жойылды.

Осыған дейін ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырған үш тұлғаны ұстағандығын хабарлады. 
Қостанай қ. №2 сотының үкімімен ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, әрқайсысы 2000 АЕК (5 050 000 теңге) көлемінде айыппұл өтеу жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сот үкімнің негізінде заттай айғақтар – покерге арналған үстел, алғашқы жазбалар, фишка салғышы, ойын карталары, жазбалары бар дәптерлер, жарнамалық буклеттер, ойын фишкалары, кейстер, пластик карталар, ойын тастары, дилер фишкалары, цифрлық белгілері бар карталар өртелді.

Өзгелердің жаңалығы