5 көлікті соққан Lexus 570: Зардап шеккен әйел комада жатыр

23 Қазан 2019, 12:22
12751
Бөлісу:
5 көлікті соққан Lexus 570: Зардап шеккен әйел комада жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда көлік апатынан зардап шеккен әйел комада жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"21 қазан күні жол апатынан зардап шеккен әйелдің жағдайы өте ауыр. Ол комада", - деді ведомствода.

Оның кеуде омыртқасы шығып кетіп, өкпесі зақымданған. Оған ота жасалды. 

Екінші зардап шеккен ер адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Оның есте сақтау қабілетінен айырылды деген ақпарат расталмай шықты. Ер адамда амнезия болған, бірақ мұндай жағдай миы шайқалған кезде болады деді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жүргізуші 5 көлікті соғып, оқиға орнында ұйықтап қалғанын жазған едік. Сонымен қатар, Lexus 570 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.


Өзгелердің жаңалығы