496 жолаушы елге анықтамасыз келген

26 Ақпан 2021, 10:28
1264
Бөлісу:
 496 жолаушы елге анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 ақпанда ел аумағына Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 178 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 682 адам, анықтамасыз 496 ел азаматы келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 169 жолаушы, анықтамамен - 877, анықтамасыз - 292;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 009 жолаушы, анықтамамен - 805; анықтамасыз - 204.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 24 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 284 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.
Өзгелердің жаңалығы