4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбек министрлігі

6 Мамыр 2022, 10:37
1555
Бөлісу:
4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды – Еңбек министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 333 кәсіпорнында 7 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 689 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріліп, 40 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы